ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ӘЛЕМІ ӘДЕМІ ӘМИНА

14:05, 14 наурыз 2019

«Әлемі әдемі Әмина». Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның халық әртісі, жерлесіміз Әмина Өмірзақованы еске алуға арналған ретро-фестиваль кеші өтті. Көрнекті кино және театр актрисасы биыл 100 жасқа толар еді. Еліміздің жер-жерінде осы айтулы датаға орай ауқымды шаралар орта толтыруда. Мерейтой биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін шаралар күнтізбесіне енгізілген. Осылайша, жастар көрерменнің көңілін жаулап алған Әмина-апаның Қазақстанда ғана емес, КСРО көлемінде танымал «Тақиялы періште» туындысындағы рөлінен үзінді қойып, атақты актрисаның бейнесін тағы бір еске түсірді. Кешке жиналғандар біртуар тұлға сомдаған фильмдері хақында конкурстар мен викториналарға қатысып, өткен ғасырдағы әсем әндерді шырқады. Өмірі мен өнеріне тәнті жастар, шараның олар үшін маңызы зор екенін айтады. Әмина Өмірзақованың театр сахнасы мен кино саласында сомдаған ана образы қазақ әйелінің болмысын, қазақ анасының кіршіксіз бейнесін жеткізе білді. Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәл осы халықтың үздік ұлттық ерекшеліктері қоғамдық сананы жаңғыртып, дамудың маңызды алғышарты болса керек. «Әлемі әдемі Әмина» ретро-фестивалі бірнеше ұрпақтың сүйікті актрисаның ойнаған тамаша фильмдеріне саяхат жасатты. Өнегесі мол өмірі жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...