ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

17:50, 14 мамыр 2019

Елімізде онлайн сатып алушылардың саны 2 есеге артты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. Яғни, 2 млн-нан астам адам электрондық сауда-саттықтың қызығына кіріп алған. Қазақстандықтардың дені – құрылыс материалдарын, тұрмыстық техника, косметика, киім-кешек және аяқ киімді осы электрондық сауда-саттықтан алады. Әуе және темір жол билеттерін алу, мәдени іс-шаралар мен коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу сияқты қызметтер де, жоғары сұранысқа ие. Бүгінде нарықта  2 мыңға жуық дербес интернет-дүкен жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 млн-нан астам кәсіпкерге өз тауарларын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электрондық сауда алаңы бар. Айта өтейік, былтыр онлайн сауда-саттық көлемі 1,5 есеге өсіп, 269 млрд. теңгені құраған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...