ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ СОТ

13:32, 9 қаңтар 2019

Тиімді, ыңғайлы, жылдам. Бұл қазіргі сот процестеріне қатысты айтылған теңеу. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексі «Қылмыстық сот ісінің форматы» бабымен толықтырылуына сәйкес, өткен жылы еліміздің барлық соттары сот ісін қағаз жүзінде ғана емес, электронды түрде қарауға көшті. Ал, биыл бұл формат кеңінен пайдаланып келеді. Оның тиімділігін судьялар да, процеске қатысушылар да бағалап отыр. Қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу сот алды тергеу жұмыстарын да, сот процесі барысын да едәуір жеңілдеткен. Электронды форматтың арқасында сотқа қатысушылар артық қағаз бастылықтан арылды. Сотқа қатысты матераиалдарды бұрмалауға да жол жоқ. Сот ісін электрондық форматта өткізудің тағы бір артықшылығы – сот процесіне қатысушылардың іс материалдарын сот отырысы барысында көру мүмкіндігі. Оған судья ғана емес, тергеуші де, қорғаушы да қол жеткізе алады. Кез келген уақытта онлайн түрде тергеу және істі қарау барысымен танысуларына болады. Қазіргі таңда Өскемен қаласының №2 сотында электронды түрде сот ісін жүргізу үшін 2 сот залы арнайы техникамен жабдықталған. Егер өткен жылы аталған сотта барлығы 800-ден аса сот процесі өтсе, олардың 25-і электронды түрде жүргізілген.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар