ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА

13:26, 11 шілде 2018

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Өскемендегі облыстың бас әмбебап кітапханасында Шығыс Қазақстан тарихы туралы сирек кітаптардың толық мәтінді электронды нұсқасы пайда болды. Интерактивті база арқылы оқырмандар компьютерлік сауаттылыққа үйренеді. Электронды қызмет дағдысына машықтанады.

Ақпараттар ағыны толастамаған соны технологиялар ғасырында үйден шықпай-ақ кез-келген қызметтің қызығын Интернет арқылы көруге болады.   Пушкин кітапханасында  бірегей электронды әдебиет базасы құрылды.  Бұдан әркім өзінің іздегенін табады. Көркем әдебиеттен бастап тарихи  материалдарға дейін бар. Оқырман ол үшін кітапхана сайтына кіріп, көкейіндегі сауалына тиесілі бөлімді тапса болғаны.  

 

ӘСЕЛ ОМАРОВА, КІТАПХАНАШЫ:

«Біздер, кітапханашылар, оқырманның талабы бойынша қажет деген ресурстан баспа өнімдерін Интернеттен іздестіруді өз міндетімізге және жауапкершілігімізге алғанбыз. Бұл қатарға электронды кітапханалар, толық мәтінді кітапханалар жатады. Өзгелермен салыстырғанда, бұ жағынан алда келеміз. Біріншіден, бізде өз сайтымыз бар. Сіздер заңгерден консультация ала аласыздар, сонымен қатар  электронды каталогтан кәдеңізге жарайтын мақаланың немесе кітаптың  электронды нұсқасын сұрата аласыздар».

 

Цифрландыру барысында заңгер кеңесі, «Egov» мемлекеттік бағдарламасына оқыту, сол сияқты оқырман сұрауы бойынша почта қызметі арқылы  электронды кітаптар онлайн режимінде жіберіледі.

АСИРА НАЖМАДДИНОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар