ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

18:05, 28 шілде 2020

Ақпараттық коммуникациялар орталығындағы кезекті онлайн брифинг өтті. Күн тәртібінде  ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау, заңдық талаптардың сақталуын бақылау қорытындысы мен медициналық мекемелердегі індетке қарсы жүргізілген шаралар талқыланды. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бақылау бөлімі өткен жылы 27 тексеріс жүргізді. Оның ішінде алтысы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында болса, жетеуі жоспардан тыс тексеріс болды. Профилактикалық бақылау нәтижесінде 344 заң бұзушылық анықталып, 116 ұйғарым берілді. Жыл басынан бері бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 21 тексеру жүргізілді. Бүгінде ШҚО бойынша 2020 жылдың 1 шілдедегі мәліметке сәйкес, 56688 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның 51 мың 93-і ересектер, ал 5595-ін балалар құрайды. Індетке байланысты шектеу шараларында мүгедектік мерзімін автоматты түрде 3 айға ұзарту ай сайын жүргізілуде. Ал егерде мүгедектік алғаш рет белгіленетін жағдай болса, қызмет алушы егов.кз порталындағы өтініштер бөлімінде электронды түрдегі құжаттарының сканерленген көшірмелері арқылы өтінішті бере алады.                                       

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар