ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Елбасы сүйіп тыңдайтын әндер

14:12, 3 желтоқсан 2019

Ән өнері –  асыл қазына. Талай жылды артқа тастап, күні бүгінге дейін халықтың жүрегінен орын алған әндер жетерлік. Әр заманның өз тыңдаушысы бар. Мәселен, елдің Тұңғыш Президенті дәстүрлі және ретро әндерді тыңдағанды ұнатады. Жақында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары мен оқытушылары  «Елбасы сүйіп тыңдайтын әндер» атты кітаптың тұсауын кесті. Бұл кітапты «Дауыс қою», «Эстрадалық ән айту», «Музыканы оқыту әдістемесі», «Мектеп репертуары бойынша практикум» пәндерін оқу барысында қолдануға болады. Университет ректоры Мұхтар Әділбекұлының қолдауымен жарық көрген оқулықтың студенттерге берері мол. Кітапта музыка мәдениетінің қалыптасуы, жергілікті өнерпаздардың  жетістіктері жазылған. Жинақтың авторлары музыкалық білім беру кафедрасының меңгерушісі Марина Мужчиль, аға оқытушы Уатқан Жүнісов және музыкалық білім беру кафедрасының профессоры Альмира Нұрғожина.Шара соңында оқу орнының белсенді студенттері мақтау қағаздарымен марапатталып, арты меркелік концертке ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар