ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ ҚАЖЕТ

21:00, 24 мамыр 2019

Қазақстан былтыр екі мың  тоннадан астам жылқы етін  сырттан әкелген. Бидайы қырда, күріші сырда, құнарлы ел өз-өзін етпен қамтамасыз ете алмай отыр. өз нарығымызда басқаларға орын беріп, ел ішіндегі нарықта кем дегенде 45 млрд теңге жоғалтамыз.Бүгін Мәжілісте ет және сүт өнімдерін өндіруді, экспорттауды дамыту тақырыбындағы парламенттік тыңдауда өзекті мәселер көтерілді. Индира Бегайдардың материалына зер салыңыз.Телеу Құшманова астың асылын ішіп, аттың арғымағын мініп, кәсібінен нәсіп көріп отырған жан. Қымыз, бал-қаймақ өндіреді. Алғашында үміттен күдік басым болса да, мемлекет қолдауының арқасында қазір жүздеген отбасын  жұмыспен қамтып отыр. Өзі бір емес, төрт рет Елбасымен кездескен.Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге, шаруаларға қашан да қолдау орасан. Соңғы бес жылда субсидия көлемі екі есеге артып, 2018 жылы 76 млрд. теңгеден асты. Алайда шешімін таппаған бірқатар мәселе бар. Ол ет, сүт өнімдерінің импорты. Құс еті импортының үлесі 51 пайыздан астам. Жыл сайын біз 6 мың тоннадан астам сары майды, 22 мың тоннаға жуық ірімшік пен сүзбені, 6 мың тоннадан астам ет консервілерін импорттаудамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып келеді. Тұңғыш Президенттің 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауына еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндетін қойған еді.Сүт өнеркәсібі саласындағы басты мәселелерінің бірі - сатып алу жүйесiнiң дамымауы, өнiмдi тасымалдаудағы жоғары шығындар. Бұдан басқа, қолданыстағы жабдықтардың ескіруі, өндірісті механикаландыру және автоматтандырудың төмен деңгейі.Қазақстанның сыртқы нарықтарға ірі ет жеткізушісі болуына барлық жағдай бар. Тек оны дұрыс жүзеге асыра білу керек. Заң жағынан қамтамасыз ету үшін Парламентпен «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды  мемлекеттік реттеу туралы», «Ветеринария туралы»,  «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» сияқты негізгі заңдар  қабылданды. Бастысы халықты таза ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аграрлық салада цифрландыру жұмыстардың маңыздылығы да өте зор. Субсидиялауда да бірқатар кемшілік бар, субсидия тек ірі шаруашылықтарға ғана беріледі.ҚазАгро арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау құралдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басым бөлігі үшін қолжетімді болмай отыр. Себебі оған да сондай кепілдер, сараптамалар, құжаттар қажет. Холдингтің қаржылық қызметтер ұсыну шарттарын қайта қарау, атап айтқанда кредиттеу мөлшерлемесін азайту, кредиттердің мерзімі мен сомасын көбейту, сондай-ақ жалпы алғанда қарыз алушыларға қойылатын талаптарды жұмсарту мал шаруашылығына ауадай қажет.Ауыл шаруашылық саласы бәсекеге қабілетті болу үшін тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды енгізіп отыру қажет. Шағын өндірушілерді қайта өңдеу кәсіпорындарымен байланыстыратын дайындау кәсіпорындарының желісін құру мен дамытуды барынша қолдау керек. Парламенттік тыңдауда бүкпесіз ой, ашық пікір айтылды. Үкіметке ұсынымдар әзірленді. Бастысы – Елбасы тапсырмасын сапалы, дер кезінде орындау.  Өйткені өзімізде тұрғанда өзгенікі қажет емес.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар