Экспо қонақтарының саны артып жатыр

21:38, 13 шілде 2017

EXPO-2017 көрмесінің басталғанына бүгін 34 күн. Осы уақытқа дейін қалашықты 1 миллионнан астам адам аралаған.

Қонақтардың көбі Нұр-Әлем павильонын тамашалайды екен.  Ал меймандардың 14 пайызы шетелдіктер. Өткен бір айда 160 мың адам көрмеге жеңілдіктер арқылы кірген. Бұл тізімге мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және 6 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер, ұлы отан соғысы ардагерлері жатады. Сонымен қатар, ауқымыды шара басталғалы мыңнан астам мәдени және ойын-сауық кештері мен мемлекет басшыларының, министрлер мен халықаралық павильон комиссарларының қатысуымен жүздеген ресми іс-шара өткізілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар