ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

12:57, 13 желтоқсан 2018

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының жыл көлемінде атқарған жұмысын қорытындылау мақсатымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде дөңгелек үстел өтті. Айтулы отырыста, «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар сараланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени мұралар бен халықтық фольклорды қайта жаңғыртуға арналған 3 экспедициялық топ құрылған болатын. Бұл экспедициялық топтың құрылуы Елбасының кезекті «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен үндестік тапқандай. Себебі, мемлекет басшысы өз мақаласында ұмыт қалуға шақ қалған халық әндерін, аңыз-жырларын қайта жандандыру керектігін атап айтқан. Бір ғана Достық үйінің іргесінде биыл 300-ге жуық шаралар өткізілді. Мәдени мұралар аясында өткен фестивальдерге ондаған мың адам қатысқан. Бағдарлама басында жүзеге асырылған «Бабалар мұрасы», татар халқының «Сабантойы», орыс өнер фестивалі «Ертіс әуендерін» ерекшелеп айтуға болады. «Дөңгелек үстел» барысында ғалымдар, экспедиция мүшелері өздері атқарған жұмыстардың нәтижелерін ортаға салып, талқылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар