ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЕКПЕ ЕГУ

13:48, 15 наурыз 2019

Қызылша ауруына соңғы екі ай ішінде Шығыс Қазақстан бойынша 12 адам шалдыққаны белгілі. Жұқпа Семейде, Тарбағатай, Аягөз, Шемонаиха, Бородулиха аудандарынан тіркелді. Ал былтыр қызылшамен бар-жоғы бір адам ауырған болатын. Жергілікті санитарлық дәрігерлер жалпы жағдай жаман емес, тұрақты дейді. Алдағы сәуірдің бірінен бастап аурудың алдын алатын екпе егу шаралары жүргізіледі. Қызылша - инфекциялық жұқпалы ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның оны жұқтыруы әбден мүмкін. Кейбір кезде соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Әркімнің есінде жүрер негізгі белгілері: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, ұйқысыздық, тамаққа тәбеті шаппауы. Мұрын бітеліп, құрғақ жөтел мазалайды. 3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастайды. 1 сәуірден бастап аймақта қызылша ауруына қарсы екпе егу шаралары басталады. 18 мыңнан артық кісі тегін егіледі. Бірінші кезекте – балалар және осы науқастармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері. Вакцинация сонымен қатар паротит, қызамық ауруларына қарсы жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...