ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Экологиялық төлем

14:20, 24 қаңтар 2020

Жақында азаматтарға арналған egov электрондық үкімет порталында: «Экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға өтемақы» деген жазба жарияланған еді. Осыған байланысты телеарна редакциясына хабарласқан тұрғындардың саны көп болды. Шынымен де, экологиялық бірреттік төлем кімдерге тиесілі? Тиісті қызметті алу үшін тұрғындар қайда жүгіне алады? Әріптесімнің бейнематериалында. 1992 жылы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау заңы қабылданған. Заң бойынша 1949 – 1990 жылдар аралығында ядролық сынақ жүргізілген аймақта зардап шеккен азаматтарға бірреттік мемлекеттік өтемақы төленеді. Ал egov электрондық үкімет порталында жарияланған жазба бойынша жауапты мамандардың өз айтары бар. Бір ғана өткен жылы 4 мыңға жуық шығысқазақстандық ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендер есебінде экологиялық куәлік рәсімдеген. 2006 жылдан бері бірреттік мемлекеттік өтемақыны Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен, зейнеткерлік жасына жеткен, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар мен сондай-ақ жұмыс істейтін, істемейтін 1949 – 1990 жылдар аралығында радиациялық апат аймақтарында тұрған халыққа төленеді. Ал осы уақытқа дейін ақшалай өтемақыны алған азаматтар үшін төлем екінші қайтара рәсімделмейді. Аталмыш қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, жеке басты куәландыратын құжат, тұрғылықты мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жылдары аралығында ядролық сынақтар өткен аймақта тұрғандығын растайтын құжаттарын өткізе алады.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...