ШҰҒЫЛ! ЕЛДІҢ АШУЫН ТУҒЫЗҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕНІҢ ТЫҢ ШЕШІМІ

13:34, 12 қаңтар 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Экологиялық Кодексті бекітетін болады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл тың өзгерістерге жол ашатын құжат. Ендігі кезекте Қазақстан кәсіпорындары ең озық қолжетімді технологияларды пайдаланады. Ал үйсіз жануарларға арналған орындар бірыңғай стандарттар бойынша салынбақ. Сонымен қатар  жануарларға қатыгездік танытқандар үшін айыппұл көлемі 5 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында экология министрі  Мағзұм Мырзағалиев айтты. Шығыс Қазақстан облысы  - экологиялық тұрғыдан проблемалы өңірлердің бірі. Алайда, өңір табиғи ресурстарға бай, пайдалы қазбалар өндірісі жақсы дамыған. Сондықтан жаңа экологиялық кодекстің таныстырылымы аясында Министр өткен жылдың соңында аймаққа жұмыс сапарымен келген болатын. Айта кетейік, кодексте қарастырылған инновациялардың көбін еліміздің шығысындағы кәсіпорындар қолданып келеді. Қабылданған құжат өзгерістерге жол ашады деп батыл айтуға болады, - деді министр. Ал оның ережелері Еуропалық Одақ елдерінің қағидаттарына сәйкес пысықталған. Айта кетейік, жаңа қолжетімді технологияларды енгізген кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады, ал бастаманы қолданысқа енгізбегендер үшін  төлем ставкалары бірнеше есе артады. Жануарларға көрсетілген қатыгездік мәселесі төңірегінде әзірленіп жатқан заңда жан-жақты талқылануда. Мәселен,  аталған қылмыс анықталып жатса жауапты азаматтарға 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ үй жануарларын ұстау тәртібіне де өзгерістер енгізу жоспарлануда. Әзірге заң жобасы пысықталып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
17:15, 19 қаңтар 2021
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
17:15, 14 қаңтар 2021
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА?
Толығырақ...
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
13:32, 13 қаңтар 2021
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
Толығырақ...
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
17:19, 13 қаңтар 2021
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
Толығырақ...