ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Экология мәселесі

15:04, 4 шілде 2019

Экология мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Өркениеті көш ілгері дамыған елдерде де бұл мәселе алдыңғы қатарда. Сол сияқты, еліміздегі экологияық ахуалы нашар деп танылған 5 қаланың бірі – Өскемен.Өңір экологиясын тұрақтандыру мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған стратегиялық, бағдарламалық құжат әзірленді. Облыс орталығы қазаншұңқырда орналасқандықтан қолайсыз ауа-райы күндері, яғни, жел жылдамдығы секундына 1 метрден төмендесе зауыттан, тұрғын үйден, автокөліктерден шыққан улы газдың мөлшері артып, қалаға кеңінен жайылады. Мамандар ауада тұрып қалған газды шығару үшін кем дегенде үш күн қажет екен айтады.Жаңа технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалану кез келген істе оң шешім берері анық. Мәселен, бұрын ауадағы зиянды қалдықтар мөлшерін анықтау үшін қазгидромед мамандарына кем дегенде бір тәулік уақыт қажет болған. Қазір оны онлайн режимде бақылауға қол жетімді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар