ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Әкімдік отырысы

17:50, 15 мамыр 2019

Бүгін облыс әкімдігі отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. Өңір басшысы Даниал Ахметов облыс орталығының құрылыс жұмыстары мен Өскемендегі 19 ықшам ауданына инфрақұрылым тарту, жер бөлу шараларын сынға алды. Энергетика басқармасының ақпараты бойынша  биылғы жылыту кезеңі сәтті өтті. Есептік кезеңде орын алған кішігірім апаттар уақтылы қалыпқа келтірілді. Бірақ облыс тұрғындарының титығына тиген көмір проблемасы  жайын айтып өтпесе тағы болмайды.Облыс әкімі болашақта көмір бағасын қымбаттатып жеткізетін алыпсатарлармен жұмыс істеу керектігін айтты. Бұл орайда энергетика басқармасы басшысының міндетін атқарушы әкім сұрағына жауап бере алмады. Сұрақ: Семей қаласының сумен қамту желісін жөндеуге неліктен 13 млн теңге жұмсалғаны туралы еді. Облыс әкімінің пайымдауынша, Асхат Бұқатов толыққанды ақпараттан хабарсыз. Облыс әкімі 19-шы ықшам ауданға сапары барысында білген жағымсыз жаңалығымен де бөлісті. Анықталғандай, инфрақұрылым тартылған учаскелердің басым бөлігі сатылып кеткен. Енді мұнда тіпті жалдамалы үй тұрғызу мүмкін емес.Өкілетті органдар жерді кім және қандай жағдайда сатқанын анықтауға міндеттенді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...