ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Әкім сапары

14:12, 3 желтоқсан 2019

Келер жылы Алтай ауданында кардио-орталық пен спорттық кешеннің құрылысы басталады. Әлеуметтік маңызы бар нысанның екеуі де соңғы үлгіде жабдықталады. Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов айтты. Аймақ басшысының жұмыс сапары аудандық аурухананы аралаудан басталды. Өткен жылы жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мұндағы перзентхананы күрделі жөндеуге қатысты мемлекеттік сараптама жүргізілген болатын. Биыл, жөндеу жұмыстары аяқталып, қажетті құрылғылар сатып алынды. Одан кейін облыс әкімі жылдар бойы абаттандырылмай биыл жаңа кейіпке енген аулаларға барды. Қазір, мұнда демалуға қажеттінің бәрі бар. Орындықтар, балалар алаңқайы және спорттық құрал-жабдықтар орнатылған. Бұрын-соңды Алтай ауданында мұндай жұмыстар мүлдем жүргізілмен – биыл алғаш рет қолға алынды. Ал аяқтап үлгерілмеген істер ретімен түзеледі. Аймақ басшысы келер жылы ауқымды спорттық кешеннің салынатынын да жеткізді. Оған 100 миллион теңгедей қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс әкімі екі отбасыға барып, сыйлық табыстады. Миршат Шәкенова – жалғызбасты ана, ұл өсіріп отыр. Баласы үшінші сыныпта оқиды. Музыкамен және каратэмен айналысады. Ал, Надыровтар отбасында төрт бала бар. Үлкені – 12-де, кенжесі енді жасқа толды. Сапары соңында Даниал Ахметов «Горняк» жергілікті мәдениет үйінде ұйымдастырылған мерекелік концертке қатысты. Алтайлықтарды айтулы мейраммен құттықтап, белсенді азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар