ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

ӘКІМ ЕСЕБІ

13:01, 11 ақпан 2019

Әкімдердің жыл сайынғы есебі. Бесқарағай ауданы әкімінің есебіне өңір басшысы Даниал Ахметов қатысты. Халықтың жағдайымен танысып қайтты. Кездесу барысында облыс басшысы ауданға 500 млн теңге бөлініп, маңызды мәселелердің шешімі табылатынын айтты. Есеп беру кездесуі ауданның өткен жылғы көрсеткіштеріндей, белсенді өтті. Ауылшаруашылығы саласы бойынша еңсегей ауданның өндірістік өнім көлемі де 91 пайызды құрады. 28 ауылы бар ауданның 11-і ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сонымен қатар 1775 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әкім есебінде тұрғындарды мазалаған мәселелер қаралды. Ауданның көлік саласы бойынша, яғни, автовокзалдың жоқтығы айтылды. Бұл сұрақтың жауабын өңір басшысы өзі берді. Есеп қорытындысы бойынша биыл ауданға қосымша 500 миллион теңге бөлінеді. Мұның 250 миллионы жатақхана құрылысына жұмсалса, жол жөндеу, аудан орталығына тас жол төсеуге 130 миллион және жергілікті колледжді құрал-жабдықтармен қамтуға тағы 120 миллион теңге бөлінеді.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...