ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ЕКІ АЙ ТАЗАЛЫҚ

14:19, 16 сәуір 2018

Өскеменде жаппай тазалық екі айлығы басталды. Тұрғындар, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпорын жұмысшылары сенбілікке шығып, қала көшелері мен аулаларын қоқыстан тазартуға кірісті. Жастар да бұл игі істен шет қалған жоқ.

Сенбілікке жұрт сенбі күні кірісті. Әр мекеме қаланың әр жерінен өздеріне бөлініп берілген аудандарды тазартуды бастады. Жастар да таңсәріден жиналып, Даңқ мемориалы аумағында сенбілік өткізді. Славский атындағы жағалаудың да қоқысын жинап, тазалық акциясына атсалысты.

Асыл Кенжеғұл, студент:

«Қазақстанның дамып, көркейуі жастардың қолында. Елбасы әрқашан осы жастарға сенім артады. Біздің бүгін келген себебіміз, қаламыздың таза болуы. Сол үшін сенбілік өткізіп жатырмыз. Және де сенбіліктің жалғасуын қалаймыз».

Қала бойынша бір ғана учаскеде 150-ден аса жастар жұмыс істеді. Қалғандары Өскеменнің әр жерінде өткен тазалық жұмыстарына көмектесті.

Ринад Ахметжанов, Өскемен қалалық жастар ресурстық орталығы директоры:

«Осыған қосымша қаланың басқа жерлерінде жоғарғы оқу орындары мен орта оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік мекемелерден және ірі кәсіпорындардың жұмысшылары шығып осы сенбілік бастау алуда».

«Бұл дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын акция болғандықтан, қаланың көпшілік тұрғындары көптеп қолдап, өз жұмыстарын жасауға көмектерін көрсетуде».

 

Сенбілік алдағы сенбілерде де жалғасады. Қала тазалығына біркісідей кіріскен жастар оған да қатысады. Олар жаз шыққанда таза қала барша жұртты қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйласа екен дейді.

 

Дәулет Бақытбекұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар