ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ӘЙЕЛДЕР – СҰЛУЛЫҚ БОЙТҰМАРЫ

13:33, 12 наурыз 2019

«Әйелдер – сұлулық бойтұмары». Осындай атаумен 8 наурыз мейрамында Өскеменде Қазақстанның ғана емес, шетелдің есімдері әйгілі әйел жазушыларға арналған көрме ұйымдастырылды. Оралхан Бөкей атындағы кітапханада «Әйелдер-сұлулық бойтұмары» атты кітап көрмесі ашылды. Идеясы – атақты әйел жазушыларды насихаттау, олардың баспа жүзін көрген шығармаларына оқырман назарын аударту. Әйел образы – ықылым заманнан бері әлемдік әдебиет жауһарынан тыс қалмаған. Бұл сапта: Татьяна Ларина, Наташа Ростова, Эмма Бовари, Скарлет О’Хара және тағы басқа көптеген кейіпкерлер болғаны мәлім. Көрме әйелдердің өздері жайлы, шығармалары жайлы кеңінен мағлұмат береді. Сонымен қатар отандық және шетелдік поэзия мен прозаға барынша көңіл аударылған. Көрмеде аққан жұлдыздай қысқа ғұмыр кешкен Кеңестер Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы кітаптар бар. Қазақстанның әйгілі әйелдері қатарында Гүлфайрус Исмаилова, Бибігүл Төлегенова, Әмина Өмірзақова және басқалары жайлы бірегей туындылар қойылған.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар