ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ЕГІС НАУҚАНЫ

17:51, 16 қыркүйек 2020

«Ауылшаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында. Ауылшаруашылық саласы өркен жайған өңірімізде Президент тапсырмасына орай тиісті жұмыстар қолға алынған. Қазіргі уақытта облыста егін жинау науқаны басталды. Шығыс Қазақстан диқандары биыл 1 миллион гектардан астам алқаптан өнім алуды жоспарлап отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазянның айтуынша, өңірде 605 мың га жерден дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, ал 446 мың га-дан майлы дақыл, оның ішінде 420 мың га-ға жуық алқаптан күнбағыс жиналады. Сонымен қоса 18 мың га-дан астам жерге картоп отырғызылған. 8 мың гектарына көкөніс, 5 мың га жерге бақша дақылдары өсірілген. Биыл егінмен айналысатын шаруаларға қиын соққаны рас. Өйткені қуаңшылық оларды үлкен әбігерге салды. Ал күнді сүйетін күнбағыс алу бойынша көрсеткіш жоғары. Аталған проблемалардың алдын алу мақсатында жиналған өнімді кептіру  үшін басқарма мамандары энергетика министрлігіне қосымша дизель отынын бөлуге өтінім жіберіпті.

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар