ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Егемен ел тарихын терең зерделеу

14:37, 17 шілде 2019

Қазақстан тарихы жеке жұрнақтарымен емес, тұтас қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан анық болуы тиіс екендігін Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламасында атап өтті. Отанға деген мақтаныш сезімі, патриоттық тәрбие мектеп қабырғасынан бастау алады. Бүгінгі таңда аймаққа қарасты білім ошақтары мен әлеуметтік-медициналық мекемелерде «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бұрыштар құрылды. Оқушылар мен білімгерлердің егемен ел тарихын терең зерделеп, көшпелі қазақ халқының салт-дәстүрінен хабардар етеді. Киізден жасалған бұйымдар әлеуметтік қызмет көрсететін Үржар балалар орталығы туындылары «Ұлы Даланың жеті қырына» арналған. Бұл мақала жарық көрген тұста  қолөнер заттарынан көрме ашуға мол мүмкіндік туды. Ерекше күтімді қажет ететін өрендер ұстаздар жетекшілігімен аудан тарихынан сыр шертетін  дүниелер жасап келеді.Сондай-ақ, аудан  табиғаты баурап алатын көрікті жерлерін де мақтан тұтады. Үржарлықтар ұлы даланың тарихы мен салт-дәстүрін атадан балаға мирас етіп, оны құрметтеуге жастарды тәрбиелеуде. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін сатып алады
13:46, 15 тамыз 2019
Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін...
Толығырақ...