ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

13:49, 15 наурыз 2019

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды. Оның бірі - кент әкімінің мемлекеттік қызмет және әдеп нормалары туралы заңнама шарттарын бұзу фактісі хақында. Әдеп жөніндегі кеңес жыл басынан бері ұйымдастырған бұл екінші отырыс. Мәселе - жетеу, оның алтауы кемшіліктердің алдын алуға негізделген. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеп нормаларының бұзылуы азайған делінді жиында. Дей тұрғанмен, әр әрекетке жауап бере алатындай болу керек. Тіпті, көшеде жүргенде де. Мәселен, «Сергек» камералары орнатылғанда былықтың беті ашылуы әбден мүмкін. Ал, мемлекеттік қызметкердің жасаған олқылығы мемлекеттік қызмет жұмысына сән келтірмесі анық. Отырыста сонымен қатар облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупінің сыртқы анализінің қорытындысы қарастырылды. Мұндағы мәселе - салынатын және жөнделетін жолдардың сапасы. Бұдан былай, бұл жұмыстарға тапсырыс беруші басқарма ғана емес, әдеп жөніндегі кеңес пен қоғам бақылау жүргізеді. Бұдан бөлек департамент тарапынан анықталған өзге де ескертулер бар. Сөйтсе, конкурсты өткізудің мұндай тәртібі облыстық автокөлік жолдары басқармасында ғана емес, өзге де өңірлерде солай. Комитет мемлекеттік сатып алуға тапсырылатын құжаттарды электрондық түрде қабылдауды биылғы жылдың соңында сынама ретінде ғана көрмекші. Тек содан кейін ғана барлық жерде бірдей тәртіп енгізіледі. Бұдан бөлек, отырыста жеті мәселенің бірі тәртіптік іске арналды. Мұнда қызметіне үш ай бұрын тағайындалған кент әкімі қызметкерлеріне сыйақы беріп, сол сыйақыдан округтегі түрлі шараларға ақша жинауға ұсыныс жасаған. Атап өтейік, әдеп жөніндегі кеңестің атқарып отырған жұмысы мемлекеттік қызмет ісіндегі олқылықтардың алдын алуға бағытталған.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...