ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

«EcoJer» жобасы

17:53, 22 мамыр 2020

Өскемен қаласының экобелсенділері қаланы көгалдандыру мәселесн қолға алмақ. "EcoJer" республикалық жобасының өңірлік филиалы ТЖ кезінде көбінесе онлайн режимінде жұмыс істеді. Ал, қазір - әрекет ету уақыты, - дейді экоқоғамдастық мүшелері. Естеріңізге сала кетейік, жоба биылғы қыста таныстырылып, аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға мемлекеттік органдарды,  тұрғындарды тартуға бағытталған. "EcoJer" - бұл облыс орталығының экологиялық жағдайын жақсарту үшін арнайы әзірленген республикалық жоба.  Жоба аясында қоғамдық тыңдаулар, қоршаған ортаны зерттеу, қаланы көгалдандыру туралы мәселелер қабылданатын болады. Сонымен қатар,  Экология және табиғатты пайдалану саласындағы түрлі ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, жобаға еріктілер де өз үлестерін қосуда. Олар халыққа қажетті ақпарат таратады.  Мониторинг барысында жобаға қатысушылар экологияға қатысты өзекті мәселелерді қозғайтын әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға, посттарға және түсініктемелерге баса көңіл бөледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар