ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Әбіш әлемі және ұлттық құндылықтар

15:18, 4 қазан 2019

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында облыстық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы бойынша  «Әбіш әлемі және ұлттық құндылықтар»  атты оқырман конференциясы өтті. Ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, ана тілге деген құрметті арттыру, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеуде шараның маңызы зор. Биылғы жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясында белгілі қаламгерлер Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділда Тәжібаевтың өлеңдері таңдап алынды. «Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтің ірі туындысы. Ғалымдардың бір тобы бұл шығарманы тарихи романдар қатарында атаса, екінші бір топ оның философиялық қасиетінің басымдығына назар аударады. Конференцияға оқытушы-ғалымдар, ақын-жазушылар, мектеп мұғалімдері, студенттер, оқушылар қатысты. «Аңыздың ақыры романының көркемдік ерекшелігі», «Аңыздың ақыры – ұлттық нақыш пен рух», «Аңыздың ақыры – көркемсөзді  шежіре» т.б. тақырыптарда  әдебиетшілер баяндамаларын жасап, шығармаға байланысты өз ойларын ортаға салды. Мәдени шара  «Аңыздың ақыры» романының шағын қойылымымен аяқталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар