ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Дүкен үшін электр энергияның ақшасын тұрғындар төлеп жүрген

15:01, 14 мамыр 2020

Өскеменде көпқабатты үйдің тұрғындары соңғы кезде электр энергиясы үшін төлемақы мөлшері еселеп өсіп кетті деп шағымдануда. Ал қаланы қуат көзімен қамтамасыз ететін компания, керісінше, тариф құнының төмендегенін алға тартуда.  Бірақ, проблеманың себебі мүлде басқа екен.  Электр энергиясы үшін төлемақы соңғы кезде неліктен өсіп кетті? Бұл сауалға жауап таппаған соң Нағима Ахметбекова тіпті ет сақтайтын мұздатқышын да өшіріп қойған. Бірақ, еш өзгеріс байқамаған. Жалпы, электр қуатының құнына қатысты мәселе қазір  өскемендіктердің барлығын алаңдатып отыр. Қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ететін компания өкілдері болса, керісінше, карантин кезінде төлемақы мөлшері аз шығуы тиіс дейді. Өйткені, тариф сәл де болса төмендеген. Сөйтсе, 9 қабатты тұрғын үйдің астында орналасқан дүкен иесі электр энергияны заңсыз пайдаланып отырған. Кәсіпкерге электр қуатын қолдануға жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы рұқсат берген. Ал электр энергияның ақшасы үйдің ортақ шығандары ретінде есептеліп, оны соңғы 1 жылдан бері тұрғындар төлеп жүрген. Енді электр қуатымен қамту компаниясы бұл үйдегі әр пәтердің төлемақысын қайта есептеп, артық төленген ақшаларын қайтарып береді. Ал дүкен иесін заң бойынша жауапкершілікке тарпақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар