ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

ДҮБІРЛІ БӘЙГЕ ӨТТІ

14:47, 12 қыркүйек 2018

Катонқарағай ауданының 90 жылдық мерекесі аясында дүбірлі бәйге өтті. Төл мерекеге орай ауданның ат бапкерлері мен шабандоздары Катонқарағай ауылының ипподромына ағылды. Айта кету керек, «бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген жарысқа облысымыздың өзге де аудандарынан да жүйріктерін қосқандар табылды.

Шаң қаптырар шабандоздар жарысы аудан тұрғындары үшін мерейлі тойға айналды. Тоқсанжылдыққа арналған ат бәйгесі төрт бөлімнен тұрады. Шабандоздар жеті шақырымдық жорға жарысына, бес, он бес, жиырма бес шақырымдық аламан бәйгеге қатысты.   

Биыл Алтай төріндегі ауданға тоқсан жыл болса, сол өңірдің өркендеуіне ат салысқан Бошай Кітапбаевтың 95 жылдығы. Дүбірлі бәйгені тамашалауға Марат Мұзапаров, Ғани Шаймарданов сынды белді де, беделді азаматтар келді. Ондаған жылдар бойы ат жарыстарына төрелік етіп келе жатқан Архат Ахмеров бәйгенің жақсы ұйымдастырылғанын айтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жорға жарыста Катонқарағай ауданы алдыңғы орыннан көрінді. Ал 15 және 25 шақырымдық аламан бәйгенің бас жүлдесін Көкпекті ауданының шабандоздары қанжығасына байлады. Жүйрігі бас жүлдені алған көкпектілік Руслан Шайырғазин  бұл бәйгеге жүйрігін бір жыл бойы баптаған.

Аламан бәйгеде жүлделі орындарға ие болған шабандоздар қаржылай марапаттарға ие болды.

 

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар