ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

ДОСТЫҚТА ЖОҚ ШЕКАРА

12:41, 6 ақпан 2019

Өскеменде «Соллаль» мерекесін атап өтті. «Соллаль» - шығыс күнтізбесі бойынша корей халқының жаңа жылы. Мерекеге қала тұрғындары қатысып, тамаша әсер алды. Бұл туралы келесі сюжетте. Облыстық Достық үйіне жиналған жұртқа корей этномәдени бірлестігі мүшелері мерекелік концерт қойды. Халық әндерін шырқап, би билеп, ұлттық аспаптарында музыкалық композицияларды орындады. Меркелік кеште ұлттық киімдерін көрсетіп, салт-дәстүрлерін таныстырды. Бұл мереке биыл кең көлемде аталып отыр. Шараны «Шығыс Қазақстан корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бірлестік мүшелері әр сала мамандары, облыстың өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүргендер. Жастар мен жасөспірімдер тәрбиесіне өзіндік үлес қосып келеді. Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан корейлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыс орталығында бірнеше осындай мерекені ортаға әкелді. Атап айтқанда, корей әліпбиінің 570-ші мерейтойы, республикалық және облыстық корей қоғамдық бірлестіктерінің 25 жылдығы, корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл толуына арналды. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы, елдің этномәдени бірлестіктері «Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға, мемлекеттің индустриялық дамуына, халықаралық байланыстарды нығайтуға, елге инвестиция мен жаңа технологияларды тартуға белсенді қатысады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде еліміздегі этностар Қазақстан мен өздерінің тарихи отаны арасында тығыз байланыс орнатуы керек деді. Оған дәлел: корей этномәдени бірлестігі.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
13:37, 22 ақпан 2019
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...