ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ДОСТЫҚ ТУРНИРІ

17:07, 14 мамыр 2018

«Altai» телеарнасының 60 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар легі басталды. Мерейтой аясында ұйымдастырылған алғашқы шаралардың бірі - ШҚО спорт басқармасының қолдауымен өткен достық турнирі.

Достық турнирге "ALTAI" арнасымен қатар республикалық "Егемен Қазақстан", облыстық "Дидар", "Рудный Алтай", "Устинка+", "Алдаспан" газеттері, "Казцинк" кәсіпорнына қарасты "Вестник Казцинка" басылымының және облыс аумағындағы басқарма, департаменттердің баспасөз қызметкерлері, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ басшылығы мен журналистика факультетінің студенттері, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы бар және тығыз байланыста жұмыс істейтін құрылымдар өкілдері қатысты.

АИДА ЖАБАҒИЕВА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ ШҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Жалпы «Altai» арнасының 60 жылдығына ауқымды шараларды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде спорттық іс-шаралар, мәдени іс-шаралар, сондай-ақ мұражай ашу сияқты көптеген шаралар бар. Бұл соның біреуі ғана. Алдағы күндері осындай көптеген іс-шаралар болады. Жалпы, осы 60 жылдық аясында ұйымдастырып отырған іс-шаралардың басты мақсаты бұл бірінші кезекте жергілікті БАҚ басын біріктіру, ауызбіршілігін нығайту деген сияқты әріптестік байланысты нығайту.

Пейнтбол, эстафета, нысана көздеу, садақ ату сияқты спорттық ойындарына 8 команда қатысты. Команда құрамындағылардың барлығы мықты. Спорттық ойындар алаңында бірі нысана көздесе, енді бірі шапшаңдықты талап ететін эстафетада бағын сынады. Ал пейнтбол ойнаған командалардың тартысы қызықты болды. 

МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚМУ  РЕКТОРЫ:

- Өз мерейтойын спорттық шаралардан бастап жатқаны өте керемет ой болды деп ойлаймын. Өйткені, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп журналистер өз өнерлерін көрсетіп жатыр. «Шынықсаң, шымыр боласың» дегендей, арасындағы командалардың достық қарым-қатынасын күшейтіп жатыр.

Пейнтбол ойынында қарсыластарымен күш сынасқан журналистер аз да болса әскери ұрыстағы тактикалардың қыр-сырынан хабардар болғандықтарын жеткізді. Мұндай спорттық шаралардың берері мол.

АЗАМАТ ҚАСЫМ, «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ШҚО БОЙЫНША МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ:

- Енді бұл ойынға келсек, пейнтбол деген расында қызық ойын. Жалпы, ер адамдарға қажет деп ойлаймын. Әріптестерімізбен ойнадық, өте қызық болды. Мұндай ойындар керек. «Altai» теларнасын 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Облыстағы қара шаңырақ. Журналистерге шығармашылық табыс тілейміз.

Тартысты ойын нәтижесінде, «Вестник «Казцинка» ұжымы 3-орын, "Меншікті тілшілер және баспасөз қызметкерлері" құрамасы 2-орын алса, С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ командасы 1-орынды қанжығалады.  

 

Салтанат Кеңесбекқызы

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар