ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

14:31, 10 тамыз 2018

Тамыз айының басынан бері ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери бөлім командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен әскери қоғамдық ұйым өкілдерінің тәжірибелік дайындығы өтіп жатыр.

Тәжірибелік дайындық аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатовтың, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым басшыларының қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынның басты мақсаты әскери тәрбие берудегі біліктілікті арттыру.

ҚАНАТ БЕЛЯКОВ, ҚР ҰҰ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ БАСТЫҒЫ:

«Бұл оқу әдістемелік жиынға қатысып жатқан, осы Ұлттық ұлан мен осы Шығыс өңірінде орналасқан әскери бөлімдерінің тәрбие жұмысын өткізетін лауазымды тұлғалар. Бұл «Шығыс» өңірлік қолбасшылыққа Семей қаласында орналасқан әскери бөлім, Павлодар қаласында орналасқан, Курчатов қаласында және осы Өскемен қаласында орналасқан әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары қатысып отыр».

Тәжірибелік дайындық жиын барысында қатысушылармен әскерилерді тәрбиелеудің негізгі құрылымы мен әдістемесі, әскери қоғамдық ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық дайындық, діни экстремизмнің алдын-алу шараларын өткізу бойынша баяндамалар оқылады.

АЙДОС МЫРЗАХМЕТОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар