ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Діни шараларға шектеу қойылды

16:12, 20 наурыз 2020

Коронавирусқа қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Аймақтың діни орындарында да сақтық шаралары қатаң бақылауда. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Әнуар Абдулдин БАҚ өкілдеріне арналған онлайн конференцияда мәлімдеді.

Төрткүл дүниеге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытпау мақсатында қазір барлық діни орындарға келуге шектеу қойылды. Облыс басшысы және қала, аудан әкімдері діни бірлестік өкілдерімен кездесіп, дәстүрлі шараларды шегеруді түсіндірді. Елдегі төтенше жағдай кезінде жұма намазы, еске алу сияқты діни науқандар уақытша тоқтатылды. Халыққа түсіндіру мақсатында дін істері басқармасы тарапынан 9 бірлестік басшыларының үндеуімен бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілерге таратылды. Дегенмен, бұл мешіттер мен шіркеулердің мүлдем қызметін тоқтату деген сөз емес — деді, Әнуар Абдулдин. Діни орындарда дәл қазіргі сәтте басшылары мен техникалық жұмыстарға жауапты қызметкерлер бар. Олар нысандардағы санитарлық шаралардың уақытылы өтуіне жауапты. “Сақтық шараларына немқұрайлық танытып, немкетті қарау – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізуі бек мүмкін” дейді дін істері басқармасының басшысы. Сол үшін сын сағатта жауапкершілік жүгін әркімнің сезінгені маңызды.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...