ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

15:13, 5 желтоқсан 2018

Өскеменде жас спортшылардың басын қосқан дәстүрлі респубикалық турнир өттті. Жарысқа ресейліктер де қатысты. Қазақстанның спорт шебері, балуан Ерболат Қабдықалықовты еске алуға арналған турнир осымен сегізінші рет өтті. Сайысқа еркін күрестен аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі байқауларға қатысып, болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар келді. 11 салмақ дәрежесіндегі 200-ден астам балуан. Ерболат Қабдықалықов - 1967 жылы Марқакөл ауданы, Боран ауылында дүниеге келген Ерболат жастайынан спортпен айналысқан. Оның ынта-ықыласын ерте байқаған бапкерлері Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатына баруға кеңес береді. Дарынды жас спортшыны еш кедергісіз қабылдаған мектеп-интернаты республикалық, халықаралық дәрежеде топ жарған балуанның спорт шебері дәрежесіне дейін өсуіне септігін тигізді. Бір өкініштісі, 40-тан енді асқанында өмірден озды. Қысқа да нұсқа ғұмырында шәкірттер ертіп, талай еркін күрестен республика чемпиондарын тәрбиеледі. Аға жолын қуған інілері оның азаматтық болмысын үлгі тұтады. Қуаныш та ағасы сияқты еркін күреспен айналысып, бүгінде жастарды спортқа баулуда. Мамандардың айтуынша, бұндай жарыстар өткізіп, жастар арасында кеңінен насихаттау – көптеген жасөспірімдердің еркін күреске деген қызығушылығын арттырады. Жас спортшылар қатарына қосылуға жол ашады. Бұндай жарыстар дарынды жастарды көп ішінен танып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Солардың бірі - айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Сұлтан Құрманалиев. Сондай-ақ республикалық турнирге Новосібірден де балуандар келіпті. Еркін күреспен айналысатын жаңа буын қатары облыста жылдан жылға өсіп келеді. Осындай турнирлер оларды шыңдай түседі.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар