ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ДЕПУТАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ

13:29, 8 ақпан 2019

2019 жылғы 21 қаңтарда меншік құқығын, сот жүктемесін азайту және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң қабылданды. Қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралап, жаңа заңды егжей-тегжейлі түсіндіруде. Шығыс Қазақстанға келген насихатшылар тобы ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген тұрғындармен жүздесті. Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалды реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында еліміздегі жер қатынастары мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен нарықтық айналымға енгізу, сонымен бірге жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу рәсімдерін жеңілдету. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру сияқты нақты қадамдар белгіленді. Осы уақытқа дейін жер учаскесінің құны кадастрлық баға не азаматтық-құқықтық шартта немесе сот шешімінде көзделген құн бойынша айқындалатын. Әдетте, бұл бағалар олардың нарықтық құнына сәйкес келмеді. Бұл ретте мемлекеттен тікелей жер учаскелерін алған меншік иелері өз уақытында мемлекетке төленген соманы ғана қайтарып ала алатын. Қабылданған заңға сәйкес, бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар