ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ДӘМХАНА ӨРТЕНДІ

14:34, 10 тамыз 2018

Өскемедегі дәмханалардың бірінен өрт шықты. Екіқабатты ғимараттың шатыры жанған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жау 377 шаршы метр аумақты шарпығанын айтады. 4 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.

МАРИНА ЛИСКОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 

«Қосымша тағы да екі өрт сөндіру машинасын іске қосуға тура келді. Өртті бір сағат ішінде сөндірді.  Өрттің шығу себептерін анықтау жөнінде  үш версия  қаралып жатыр. Монтаждау мен электр құрылғыларын тасымалдауда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, электр құрылғыларының апаттық жағдайы, сондай-ақ, отпен жұмыс істегенде сақтық шараларының сақталмауы себепкер болуы мүмкін».

 

АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар