ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Демалыс орындары ашылады

17:05, 5 маусым 2020

13 маусымнан бастап шығысқазақстандықтарға демалыс орындарына баруына рұқсат беріледі. Олар келушілерді әдеттегіден 2 күн бұрын ерте қабылдай бастайды. Әріптестерім туристік орындарға барған демалушылар қандай талаптарды сақтау керек және демалыс базалары туристерді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтап көрді. Шетелге шығуға қойылған шектеулерге байланысты ағымдағы жыл ішкі туризмнің дамуына серпіліс бермек. Қазақстандықтардың ел ішінде қауіпсіз демалысын ұйымдастыруға бар жағдай жасалуда. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, туристерді қабылдау бірнеше кезеңге бөлінді. Үржар ауданын қоспағанда алдымен  3 маусымнан бастап санаторий-курорттық және сауықтыру базалары іске қосылды. Содан кейін демалыс және туризмнің басқа түрлері 6 маусымнан бастап өз қызметін қайта бастайды. Туристік маусым уақытында  демалушыларға, туроператорлар мен қоғамдық тамақтану орындары иелеріне бірқатар жаңа талаптар қойылды. Атап өтерлік жайт 1 маусымнан бастап «Өскемен-Семей-Үржар» бағытындағы ішкі рейстер ашылды. Әуе кемелері аталған маршрут бойынша аптасына 3 рет тасымал жасайды. Ал 11 маусымнан бастап теміржол желілері іске қосылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар