ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ

14:31, 3 қаңтар 2019

Облыс орталығында цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Цифрлы технологиялардың көмегімен орталықта азаматтар электронды қызмет көрсету пункті арқылы оператордың көмегінсіз «Connectionpoint» секторында өздері электронды өтініш бере алады. Осындай қызмет көрсету орталықтары республикалық маңызға ие қалаларда ғана жұмыс істесе, қазір барлық облыста іске қосылды. Цифрлы халыққа қызмет көрсеу орталығында электронды мемлекеттік қызмет түрлері цифрлы технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады. Орталық жұмысы толықтай автоматтандырылған. Азаматтар оператордың көмегінсіз өздеріне қажетті қызмет түрлерін оңай әрі жылдам ала алады. Облыста соңғы екі аптада осындай жеті цифрлы орталық ашылды. 2018 жылы өскемендіктер өз еркімен 210 мың мемлекеттік қызмет түрін алған. Сонымен қатар цифрлы сауаттылықты арттыру мақсатында фронт-офисте оқыту сныптары жұмыс істейді. Оқыту және үйрету тегін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар