ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕАРНА МЕРЕЙТОЙЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

15:22, 26 сәуір 2018

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Цифрлы технологияны қолдану Елбасы Жолдауында айтылған маңызды қадамдардың бірі. Бұл әсіресе осы саладағы ғалымдарға нағыз прагматикалық, нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды.

ПАВЕЛ МАРКОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

 

«Экономиканың дамуын ғылыми технологиясыз, өзге елдермен өзара байланыссыз елестету мүмкін емес.  Біз бүгін ақпарат кезеңінің жаңа баспалдағына аяқ басқалы отырмыз. Өзгелерден қалыс қалмай, өз елімізде цифрлдандыруды жанталасып жетілдіріп келеміз. Ақпаратты сақтау, мәліметтерді өңдеу, жедел тасымалдау әдістері бізде жаңаша өзгерді. Бірақ, экономиканы цифрландыру - білікті маман даярлауды қажет етеді. Маңызды, ғылыми, өндірістік тапсырмаларды орындауда біздің елдің мамандары өзге дамыған елдерден қалыс қалып отырған жоқ. Керісінше, цифрландыру әлемінде талай маман өзінің ұшқыр ойымен, тапқырлығымен танылып жатыр».

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар