Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтар әлеуметтік көмекке зәру

Атап айтсақ, қоғамдық көліктерде және санаторилерге баратын жол қаражатты бұрын мемлекет төлеп беріп отырған.

21:45, 19 сәуір 2017   63

Қазір мұндай жеңілдіктерден қағылған жандар осы және өзге де мәселелерімізді шешуге жәрдем жасалса, – дейді. Бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды.
Жарылыс қуаты Хиросима мен Нагасакиден 10 есе артық апатты залалсыздандыруға Шығыс Қазақстаннан шамамен 4 мыңға жуық адам қатысқан. Қазір олардың көбі кейбір өзге облыстарға көшіп кетсе, енді біразы өмірден өтіп кеткен. Көзі тірілерінің көбісінің денсаулығы нашар. Түрлі әлеуметтік көмектен басқа медициналық жәрдем де аса қажет. Тіпті сол зілзалаға қатысты деген куәлік те Кеңестер Одағы кезінде берілгеннен кейін қайта жаңармапты. Дәрежелері Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілген азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті шаралар қабылдануы керек екенін мақұлдады.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24