ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ЧЕМПИОН АТАНДЫ

14:08, 25 сәуір 2019

Есту қабілеті нашар азаматтар арасындағы шайбалы хоккейден облыстың құрама командасы алғаш рет республика бойынша чемпион атанды. Ерекше жандарға деген қамқорлық арта түскен. Мейлі спортта, мейлі өнерде болсын қол жеткізген табыстары әрдайым халық алдында дейді тілші сюжеті. Республикалық жарыста аймақ намысын Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен аудандардан жиналған құрама команда қорғады. Олар жарысқа жақсы дайындықпен барды. Жарыста айқын басымдықпен қарсыластарынан озып, чемпион атанды. Ол, әрине, бапкер Александр Комиссаровтың еңбегінің нәтижесі. Шығыс Қазақстан облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жерлестерін жылышырайлы қарсы алды. Чемпиондарды денешынықтыру және спорт басқармасы атынан Азамат Құстыбаев құттықтады. Ал тәжірибелі ардагер бапкер спортшыларға сәттілік тіледі. Құрама команда бұған дейін тек үшінші орын алып келді. Облыста есту қабілеті нашар азаматтар арасындағы шайбалы хоккей тарихында алғаш рет чемпион атанды. Ел бапкерлері біздің спортшыларға қызығушылық танытып отыр. Алдағы уақытта республика құрама командасында ойын көрсетуі әбден мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл
17:38, 14 тамыз 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті құрылғанына 5 жыл...
Толығырақ...