ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ЧЕМПИОН АТАНДЫ

13:29, 11 желтоқсан 2018

Шығыс Қазақстан облысының боз кілем шеберлері еркін күрестен Конфедерация Кубогының иегерлері атанды. Бұл турнир елімізде ең маңызды сайыстардың бірі саналады. Облыс орталығының теміржол вокзалында еркін күрестен Конфедерация Кубогының жеңімпаздарын тәрбиелеген тәлімгерлерді қала тұрғындары мен жас спортшылар қарсы алды. Қанжығасы майланған палуандар Алматы қаласында қалды. Алдағы уақытта күтіп тұрған турнирлерге қызу дайындық үстінде. Облыс намысын Индонезиядағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Данияр Қайсанов, Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков, Қазақстан чемпиондары Ғабит Төлепбай, Асхат Слямханов, Расул Қалиев, Алмас Жүніс және ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Олег Болтин қорғады. Конфедерация кубогына барар алдында спортшылар оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Кейін қазан айында басталған іріктеу турларына қатысып, финалда Алматы қаласынан келген командамен бақ сынасып, жеңіске жетті. Конфедерация Кубогы грек-рим, еркін күрес, қазақ күресі, дзюдо және таеквондодан ел қалалары мен облыстары командалары арасында өткізілетін республикалық жарыс. Турнирдің басты ерекшелігі - финалда көрермендер бұл спорт түрлерінің жекпе-жектерін бір уақытта көре алады. Биыл турнир үшінші мәрте өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар