ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

БҮРКІТШІЛЕР САЙЫСЫ

14:15, 5 ақпан 2019

Облыста бүркітшілер сайысы өтті. Қыран құсын қолына алып, жүйрік атын тақымдаған саятшылар бұл жолы Тарбағатай ауданында бас қосты. Ересектер арасындағы бүркітшілердің 13-ші республикалық чемпионатына еліміздің әр өңірінен ең мықты құсбегілер жиналды. Барқытбелдің баурайында бас қосқан жұрт бүркіт, қаршыға, ителгі баптаған жігіттердің өнерімен қоса, тай жарысын да тамашалап қайтты. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Тарбағатай өңірінде бұрын бүркітшілер көп болған. Бірақ, кейінгі жылдары осы өнер кенжелеп қалды. Сондықтан, Ақсуат ауылына елдің түпкір-түпкірінен құсбегілер келетінін естіген жұрт жарыс болатын жерге ерте жиылды. Бабадан қалған дәстүрді баласына көрсетіп, құс баптағандармен емен-жарқын сөйлесті. Саятшылар жиналған қауымға қыран құстың бабын көрсетіп бақты. Қолға шақыру, шырға тарту, еркін ұшу секілді жарыстың әр кезеңі өте тартысты өтті. Тірлігі жарасымды Тарбағатай мен Үржар ауданы азаматтарының бекзада өнерді жаңғыртқан ауызбірлігі елді сүйсіндірді. Тарбағатай ауданында қазақ күресі, ұлттық ат спорты жақсы дамыған. Әлемдегі ең мықты апай төс, бура сан палуандар осы өңірде жиі жиналады. Екі ат спорт мектебі жұмыс істейді. Аудан басшылары енді құсбегілікті де дамытуға қолдау көрсетпек. Жарыс кезінде қаршыға мен ителгіні кептерге салды. Жарыстың шарықтау сәтінде бүркіттердің емін еркін аңға түскені көптің делебесін қоздырды. Бұл жарысты тай-құнан мінген тарбағатайлық балалар да асыға күткен-ді . Құсбегілермен қатар, олар да бәйгеге қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
13:37, 22 ақпан 2019
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...