ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Бұлан төлі құтқарылды

17:03, 27 мамыр 2020

Өскемендегі хайуанаттар бағындағы жануарлар қатары толықты. Қала сыртындағы тасжолдардың бірінен табылған бұланның төлі ендігі уақытта қауіпсіз жерде тіршілік етуде. Анықталғандай, енесін жолда машина қағып кеткен. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша,  бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі жануарға деген ықылас ерекше. Хайуанаттар бағының жаңа тұрғыны өзіне қамқорлық танытқан адамдардан қорықпайды. Азғана уақыт ішінде қолға үйренген. Жылдан жылға салмақ қосып өсетін бұл жануардың тұрқы  3 метрге жетіп, салмағы 600 келіге дейін барады. Уақыт өте аталықтарының мүйізі өседі. Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, төлдің аяқтанып, өздігінше шөп жеуі үшін біршама уақыт қажет. Бұлан – еліміздің шекаралас аумақтары, Жайық жағалауы мен Шығыста өмір сүретін ең ірі жануар. Жазда шөп, қыста бұтақ, ағаш қабығымен қоректенеді. Халықаралық Қызыл Кітапқа енгізілгенімен, нақты саны белгісіз. Мүйізді жануар өміріне аңшылар мен жыртқыш аңдар қауіп туғызады. Сол жағалаудағы Хайуанаттар бағында бұғылар тұқымдасынан теңбіл бұғы мен маралдар тіршілік етуде. Оларды көпшілік қызыға тамашалайды.  20 жыл ішінде саны біршама артқан. Сонымен қатар бұлан тәрізді ірі сүтқоректілер тобына жататын қодастар да бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар