ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

БҮКІЛӘЛЕМДІК ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

13:40, 12 ақпан 2019

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай, Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде «Қатерлі аурусыз әлем» акциясы болып өтті. Игі іс-шара халықтың өз денсаулығына бей-жай қарамауға және скрининг бағдарламасына қатысуға шақыруды мақсат тұтты.Скринингтік бағдарламалардың басты мақсаты - қатерлі ісіктерді, созылмалы ауруларды анықтау және олардың алдын алу. Ұйымдастырылған акцияда өскемендіктер студенттердің дайындаған флешмобын тамашалап қана қоймай, онкомаммолог- дәрігерлерден кеңес алды. Тұрғындарға онкологиялық аурулардың алдын алу жөнінде толық ақпарат жазылған буклеттер таратылды. Манекен арқылы өз-өзін тексеру ережелері көрсетілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Семей қаласын есепке алмағанда, өңірде обыр ауруымен сырқаттану фактісі 100 мың адамға шаққанда 313,5 адамға жеткен, яғни, 2412 жаңадан адам тіркелген деген сөз. Соның 66,6% немесе 1473-і ерте бастан анықталғаны.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар