ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

Бүгінгі курсант - ертеңгі офицер

17:15, 13 ақпан 2020

30-ға жуық курсант Шығыс өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерге тәжірбие алуға келді. Петропавлдағы ҚР ұлттық ұлан әскери институтында білім алып жатқан болашақ отан қорғаушыларға білікті офицерлер қызметтің қыр-сырын үйретуде.

Иығындағы курсант белгісін көп ұзамай «лейтенант» әскери атағына алмастыратын болашақ офицерлер  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөліміне тәжірибе алуға келген. Олардың әскери бөлім ішіндегі уақыт кестесі түрлі оқу-жаттығуларға толы. Бірі жас сарбаздарға тәрбие жұмысын өткізіп жатса, бірі қару-жарақтың қыр-сырына қанықтырып, енді бірі қоян-қолтық ұрыстан  өз білгендерін үйретуде.

Әскери бөлімде қызмет етіп жүрген тәжірибелі офицерлер бір ай ішінде жастардың шыңдалып, ертеңгі міндетін абыроймен атқаруға жол сілтейді.  Өйткені, олардың алдындаңы етеңгі міндет жауапты. Алғашқы әскери жолын взвод командирінен бастайтын жас офицерлер алған ілімі мен тәжірибесін ары қарай сарбаздарға үйрететін болады.

Жауынгерлердің тәжірибесін үздіксіз жетілдіру - заман талабы. Ал жастарға патриоттың тәрбие беру, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруда осындай тәжірибе алмасулардың маңызы зор.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар