ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

БРОКОНЬЕРЛІК ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ

18:16, 11 тамыз 2020

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ШҚО бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері ағымдағы жылдың 7 айында бақыланатын аумақтарда балық қорғау заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру бойынша 1317 жедел рейд жүргізді. Кезекті рейд Күршім ауданына қарасты Шекелмес мүйісіндегі Зайсан көлінің жағалауында жүргізілді. Рейд барысында  заң бұзушылыққа жол берген 577 тұлға жауапкершілікке тартылды. Шығыс Қазақстан облысында балық аулау ережесін елемегендерге 9 миллион 801 мың 384 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану, тіркелмеген қайықтарды қолдану бойынша 95 материал сотқа жіберілді. Су айдындарында тек арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда ғана балық аулауға рұқсат етіледі. Ал бекітілген талапты белшесінен басқандар оқиға орнында ұсталса, әкімшілік хаттама толтырылып, нақты шешім қабылдануы үшін құзырлы органдарға жолданады.  Салаға жауаптылар сөзінше, алдағы уақытта броконьерлік үшін жаза күйшейтілмек. Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, бас бостандығынан айыруға дейінгі шешім қабылданатын болады.                      

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...