ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Боз кілем шебері

13:30, 11 маусым 2019

Шығыс Қазақстан -  талантты әрі даңқты спортшылармен танымал өлке. Жылма-жыл жерлестеріміздің есімі әлемдік ареналарда алтын әріптермен жазылып келеді.  Осындай боз кілем шеберлерін шаршы алаңға шығарып, әлі де  абыройын  асқақтатып жүрген азаматтардың бірі,  Қазақ КСР спорт шебері, еңбек ардагері Серікболсын Тілебалдин. Самбо және дзюдо күресінен спорт шебері  Серікболсын Тілебалдин егде жасына қарамастан спорт сайыстарынан қалған емес, қашан болсын жаттығу залынан табылады. Өткен жылы Мароккода өткен Әлем чемпионатына қатысқан Серікболсын-аға шаршы алаңда бақ сынап, үшінші орынды иеленді. Бүгінгі таңда ардагер спортшы алдағы сайыстарға дайындық үстінде. Қарулы Күштер қатарында Отан алдындағы борышын өтей жүріп, самбо және дзюдо күресімен айналысқан  Серікболсын-аға әскери бөлімнің намысын қорғап, түрлі сайыстарда жеңімпаз атанған. 1980 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық турнирде топ жарып, бір жылдан кейін Қазақстан Кубогын иеленіп, ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, 1983 жылы Ресейдің Тула қаласындағы біріншілікте қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді.Бүгінгі таңда Көкпекті ауылында тұратын зейнеткер ауданның спорттық әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін қосуда. Балалар мен жасөспірімдерді жаттықтырып, салауатты өмір салтын насихаттаумен келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар