ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

14:06, 25 сәуір 2019

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 25-тен артық Өскемен мекемелері мен кәсіпорындары қатысты. Қазір жастарды қандай мамандықтар қызықтырады? Бұл туралы тілшіміз айтып берсін. Үшінші курс студенті Ринат Жұмағұлов бос жұмыс орындары тізімімен танысты. Жас жігіт мемлекеттік қызметші болсам дейді. Судья немесе прокурор болғысы келеді. Студенттің айтуынша, мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкелері оған мемлекетік қызметшілермен еркін әңгімелесуге, кеңес алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері өз кезегінде мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы айтты. Сауатты, тәртіпті, үш тілді еркін меңгерген түлектерді тәртіп сақшылары қатарына шақырады. Қазір өңірде туристік полицияға қабылдау жүріп жатыр. Бұл - демалыс орындарында, туристік нысандарда жұмыс жүргізетін құқық қорғау органдарының жаңа түрі. Облыс бойынша тергеушілер де жетіспейді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жылына бірнеше рет ұйымдастырылады. Жәрмеңке арқылы жұмыс орнын тапқан түлектер саны жыл өткен сайын көбеюде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...