ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ Толығырақ

«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

17:31, 11 қыркүйек 2020

Алимент пен әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемегеніңіз үшін, көлігіңізден айырылуыңыз мүмкін. Семейде өткізіліп жатқан «Борышкер» жедел алдын алу шарасының мақсаты әкімшілік айыппұлдар мен алименттер бойынша берешегі бар және оларды төлеуден жалтарып жүрген адамдарды анықтау. Полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері Семей қаласы бойынша жалпы сомасы 307 млн 873 мың теңгенің көлеміндегі 34 мың 326 әкімшілік айыппұл салынған. Бүгінгі күні оның 184 млн-ы өндіріліп алынды.

Рейдтік шараға жол полициясы инспекторлары, прокурорлар  мен жеке сот орындаушылары жұмылдырылған. Айыппұлдар мен өзге де әкімшілік жазаларды мәжбүрлі түрде орындату бойынша жұмыстар  жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері Семейде 2 республикалық, 6 облыстық және 6 қалалық жедел алдын алу шаралар өткізілді. Айыппұлдары бар автокөлік иелерімен әңгімелесу кезінде заң өкілдері борышкерлерге айыппұлды уақытылы төлеу қажет екенін ескертті.

Сондай-ақ, жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірге борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға әкімшілік айыппұл заңды күшіне енгеннен бастап 30 күннің ішінде төленуі керек екенін ескертеді.  Белгіленген мерзімде өз еркімен төлемеген жағдайда, айыппұл мен алимент бойынша қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріліп алынады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...