ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Болашаққа қадам

14:00, 14 мамыр 2020

Оқу жылы аяқталуға жақын. Мыңдаған түлектер алдында жауапты міндет тұр. Яғни, мамандық пен ЖОО таңдау. Карантин жағдайында оқу орындары «Ашық есік» күндерін өткізбейді. Енді барлық кәсіби бағдар беру жұмыстары онлайн форматта жүргізіледі. ШҚО жастар ресурстық орталығының қызметкерлері онлайн форматта белсенді кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізуде.  Облыстың жоғары оқу орындары мен колледждеріне түсу, сондай-ақ қажетті мамандықтар туралы 25 мыңнан астам жастар мұнда маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ, онлайн форматта өткізіліп жатқан эфир барысында мамандар түлектерге қажетті ақпараттар беруде. Облыс қалалары мен аудандарында қандай мамандық иелеріне сұраныс жоғары екендігі туралы болашақ түлектерге бағыт-бағдар беріп, жол сілтеуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар