ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

Болашақ заңгерлермен кездесу

12:35, 12 ақпан 2020

«Е – қылмыстық іс» бағдарламасы арқылы тергеуші тергеуге қатысты мәліметтерге мемлекеттік органдар базасынан оңай қол жеткізе алады. Бұл уақыт пен күшті үнемдейді. Әсіресе жаңашылдықтар жемқорлық әрекеттерін төмендетуге және қадағалаушы органдардың тергеу барысын бақылауына мүмкіндік береді. Аталған бағдарламамен жоғарғы оқу орнының студенттері де танысты

 Облыстық полиция департаменті қызметкерлерімен өткен ерекше сабақта жәбірленушінің арызын қабылдаудан бастап қылмыстық істі сотқа жіберуге дейінгі әрекеттер түсіндірілді.

Тәртіп сақшылары университет студенттерімен кездесіп қазіргі полицияның жұмысы жайлы сөз қозғады. Екіжақты меморандум аясында өткен шарада ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов экономика және құқықтану факультетінің студенттеріне арнайы сабақ өткізді. Негізгі басымдылық тергеушінің жұмысына, атап айтқанда цифрландырудағы жаңашылдықтарға берілді. Сонымен қатар келешек заңгерлер қылмыстық істің электронды түрдегі жүру барысын көзбен көріп, бақылады.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...