ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

БОЛАШАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР МЕКТЕБІ

12:46, 15 сәуір 2019

Өскеменде мемлекеттік қызметкер мектебінің екінші маусымы ашылды. Оқушылар құрамы өңірдің жоғары оқу орнының ниет білдіруші студенттерінен жинақталды. Бұл - мемлекеттік басқару, құқықтану, экономика, ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Арнайы мектепте оларды бір жыл бойы мемлекеттік қызметке дайындайды. Теориялық қана емес, мемлекеттік органдарда тәжірибелік қызметке де баулу. Мемлекеттік қызмет мектебі болашақ мамандарға дәл осындай мүмкіндік жасап отыр. Биыл студенттер өздері таңдап алған мемлекеттік құрылымда тағылымдамадан өтеді. Оқыту шаралары үш кезеңнен тұрады: бейімделу – бұл дегеніміз мамандармен және психологтармен бірқатар дәріс өткізіледі; сынақ тапсыру және сұхбаттасу. Осы жылы 400 сдундентті қамту жоспарлануда. Мемлекеттік қызмет мектебі келешегі зор жастар мен мемлекеттік аппарат арасындағы көпір болуға негізделген. Миссиясы – мемлекеттік қызметке жоғары білікті әрі құзырлы кадрлар дайындау. «Бұл - «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды факторы», деп атап өтті ұйымдастырушылар. Курстарды ұйымдастырушылардың айтуынша, өткен жылы дайындықтан 250 жас азамат өтті. Алайда, мемлекеттік қызметкер болуға бел буғандары тек 30-ы ғана.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар