ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

БОЛАШАҒЫ ЗОР КӘСІПОРЫН

15:32, 6 қараша 2018

Аягөз ауданы Ақтоғай мыс кен орынында болашақта жылына 50 миллион тонна кен өндірілетін болады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі болашағы зор тау-кен байыту кешенінде болып, жұмысымен танысты. Ақтоғайдағы кәсіпорын жылына 25 миллион тонна мыс өндіреді. Компания өндіріс көлемін арттыру мақсатында тағыда бір кен байыту фабрикасының құрылысын бастайды. Алдағы уақытта екінші фабрика күшіне енетін болса, өңделетін кен көлемі екі есеге артады. Облыс әкімі Даниал Ахметов Актоғай бассейінің дамуы әлемдегі мыс өңдейтін тау-кен байыту комбинаттарының алдыңғы қатарынан көрінетіндігіне сенімді. Кәсіпорын қызметкерлері цифрландырылған бірегей құрал-жабдықтармен жұмыс істейді. Карьердегі жұмыс процессін диспетчерлер онлайн режимде бақылап отырады. Олар мониторларда көліктердің қозғалысын ғана емес, жылдамдықтарын, отын шығыстарын, кен тиеуді де қадағалай алады. Өңір басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, алдыңғы қатарлы өндірісті білікті кадрлармен қамту үшін, облыстың бірнеше колледждерінде мамандарды даярлау қолға алынады. Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамытып, жерасты жолдарды кеңейту мақсатында ауданда 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 17 километр жол жөнделеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар